Кене энцефалит

Кене энцефалит диагнозы негізделеді

Серозды менингитке жатады

325. Менингит диагнозы . негізделіп қойылады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

А. Жалпы инфекциялық белгілерге

Б. Жалпы милық белгілерге

В. менингеальды белгілерге

Г. Жұлын сұйықтығындағы қабыну өзгерістер синдромына

Д.+ интестинальды синдромына

326. Жұлын сұйықтығында жасушаның көбеюі аталады:

327. Бас ми қабаттарының қабынуы кезінде, жұлын сұйықтығында келесі белгілер анықталады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

А. Мөлдірлігі (бұлыңғыр) және түсі (ақ, сары-жасыл және т.б.) өзгереді

Б. нейтрофилдер, лимфоциттер басым немесе аралас плеоцитоз

В. ақуыздың жоғарылауы

Г. қант и хлорид құрамының өзгеруі

Д.+ ақуыздың төмендеуі

328. Балаға «Менингококцемия» диагнозы қойылған, мақсатты түрде . антибиотик тағайындалады.

Б.+ левомицетин сукцинаты

329. Бруцеллезді менингит диагнозын қойғанда, . лабораторлы зерттеуді есепке алу қажет.

А. Вассерман реакциясы

Б. Манту сынамасы

В. Паул-Буннел реакциясы

Г.+ Райт және Хаддельсон рекциясы

Д. Вельтман реакциясы

330. Іріңді менингиттерде аталған асқынулар болуы мүмкін, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

А. Бас миының ісінуі

Б. жедел гидроцефалия

Г. Субдуралды қабаттың көтерілуі

331. Менингококкцемияны аталған аурулармен ажырату диагностикасын жасайды, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

В. геморрагиялық қызбамен

Г. Геморрагиялық васкулитпен

Д.+ ұшықты инфекциямен

332. Энцефалит диагнозы негізделіп қойылады:

А. Жалпы инфекциялық белгілерге

Б. Жалпы милық белгілерге

В.+ ошақты белгілерге

Г. Астеновегетативті белгілерге

Д. астенодепрессивті белгілерге

333. Экзантемалы энцефалитке төмендегілердің қайсысы жатады:

334. Энцефалит кезінде жұлын сұйықтығындағы өзгерістер:

А.+ Лимфоцитарлы немесе аралас плеоцитоз, ақуыз жоғарылаған

Б. Ақуыз концентрациясының жоғарылауы

В. қант пен хлорид құрамының өзгермеуі

Г. ликвор өзгеріссіз

Д. ликворда эритроциттер

335. Серозды вирусты менингиттердің емінде қолданылмайды:

А. Вирустарға қарсы препараттар

336. Бас миының ісінуі емінде стартты ерітінді болып табылады:

Г. Рингер ерітіндісі

Д. 0,9% физиологиялық ерітіндісі

337. Герпетикалық энцефалитте негізігі этиотропты препараты болып табылады

Кене энцефалит диагнозы негізделеді

А. жоғары дене қызуы

Б. есінің бұзылуы

В. Ошақты белгілер

Г.+ Анамнезінде кене шаққан

339. Кене энцефалитінің ерте диагностикасы негізделеді:

Б.+ арбовирустарға ИФА

В. Бас миының КТ

Д. бас миының ЭЭГ

340. Менингоэнцефалит алып келеді, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

А. гидроцефальды-гипертензионды синдромға

Б. астеноневротикалық синдромға

В. Органикалық неврологиялық белгілерге

Д. симтоматикалық эпилепсияға

Г.+ Паркинсон синдромына

341. Іріңді менингитте ликвордың сипатына тән емес:

А. жұлын сұйықтығы бұлыңғыр

Б. плеоцитоз нейтрофильді

В.+ плеоцитоз лимфоцитарлы

Г.ақуыз концентрациясы жоғары

Д. қант пент хлорид құрамы өзгермеген

342. Герпетикалық менингоэнцефалит кезінде герпес вирусы бөлінеді:

А.+ жұлын сұйықтығы және қаннан (ПТР, ИФА).

343. Кене энцефалиттің қызбалық түрі дәлелденеді:

А. анамнезінде тауға шыққан

Б. жоғары қызба және шамалы улану белгілерімен

В. Жұлын сұйықтығы өзгерген

Г. герпесвирустарға ИФА IgМ оң

Д.+ арбовирустарға ИФА IgМ оң

344. Кене энцефалитінің этиотропты емі:

А.+ кенеге қарсы иммуноглобулин

В. Саңырауқұлақтарға қарсы препарат

345. Менингококкты инфекцияда науқастар өміріне қауіп тудыратын арнайы асқынуларына барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

А. инфекциялы-токсическикалық шок

Б. жедел бүйрек үсті безі жеткіліксіздігі

В. Бас ми ісінуі және домбығуы

Г. ТШҚҰ синдромы

Д.+ гемолитико-уремиялық синдром

346. Ерте жастағы балалардағы менингит сипатталынады:

А.+ монотонды «милық» айқай

Б. үлкен еңбегінің түсуі

В. Менингеальды белгілер теріс

Г. Бас миы ЭЭГ-да өзгерістер

Д. қолдардың дірілдеуі

347. Серозды менингиттердің ішінде этиологиясы бактериальды болып табылады:

348. Жұлын-ми сұйықтығы өндіріледі:

А.+ ми қарыншаларындағы тамырлар шоғырынан

Б. жұмсақ ми қабатынан

В. Қатты ми қабатынан

Г. Мидың торлы қабатынан

Д. Сильвиев каналы қабатынан

349. ОЖЖ-нің жедел жұқпалы қабынуы орналасуына байланысты бөлінеді:

А. менингиттер, энцефалиттер

350. Балада аталған жағдайлардың қайсысы оральды регидратация жүргізуге қарсы көрсеткіш болып табылады:

А. көп реттік құсу

Б. көп мөлшердегі сулы нәжіс

В. тәбеттің нашарлауы

Г. қатты мазасыздану

Д.+ тоқтаусыз құсу

351. 8 жасар балада сал ауруының, жұлындық формасы диагностикаланды. Бұл жағдайда клиникалық белгілер анықталу мүмкін, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

В. Треножник симптомы

352. Сал ауруының жұлындық формасына тән:

А.+ ассиметриялы, мозаика тәрізді орналасқан парездер

Б. симметриялы зақымданулар

В. Ауру сезім синдромының болмауы

Г. Құрсақ қуысында орналасқан мүшелер қызметінің бұзылысы

Д. сезімталдылықтың бұзылысы

353. Сал ауруының жұлындық формасына тән емес:

А. ассиметриялы, мозаика тәрізді орналасқан парездер

Б. проксимальды паралич

В. атония, атрофия, арефлексия

Г. Айқын ауру сезімі синдромының болмауы

Д.+ Құрсақ қуысында орналасқан мүшелер қызметінің және сезімталдылықтың бұзылысы

354. Энтеровирусты этиологиялы серозды менингитке тән:

А.+ ақуыз, қант, хлоридтер қалыпты, лимфоцитарлы плеоцитоз

Б. ақуыз жоғары, нейтрофильды плеоцитоз

В. Қанттың күрт төмендеуі, аралас плеоцитоз

Г. ликвор өзгеріссіз

Д. ақуыз өте жоғары , цитоз 10 жасуша

355. 2 жасар бала жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Жалпы жағдайы ауыр: менингококкты инфекция, менингококкцемия, ИТШ II дәр., емінде тағайындалмайды:

А. преднизолон к/т

Б. левомицетин к/т

В. Жаңа мұздатылған плазма

Г. Реополиглюкин к/т

Д.+ пенициллин б/е

356. Сал ауруында зақымданады:

А. жұлын корешогы

Б.+ жұлынның алдыңғы мүйізінің мотонейрондары және бас-миының қозғалтқыш ядролары

В. миелинді қабық

Д. импульс өткізгіш синапстар

357. Энтеровирусты этиологиялы серозды менингит емінде қолданылады:

Г. ем қажет емес

358. Ауруының 2-ші күні балада Т-39 о С, бас ауруы, іштегі ауру сезімі, аңқада қызару, доғашықтарда көпіршіктер анықталды. Керниг, Брудзинский белгілері оң. Анасы герпбаспамен ауырған. Диагноз қойыңыз.

А. Менингококкты инфекция — менингит

Б. Тұмау, токсикалық форма

В. Аденовирусты инфекция менингизммен

Г.+ Энтеровирусты инфекция – серозды менингит

Д. ЖРА + туберкулезды менингит

359. Диагнозы «Полирадикулоневрит». «Қолғап» және «Шұлық» тәрізді сезімталдылықтың төмендеуі, симметриялы сіңірлік рефлекстерінің төмендеуі байқалды. Жүрісі жайлап. Зерттеу схемасын таңдаңыз:

А. невропатолог консультациясы, жануарларды биологиялық сынау, су шайындысын бак.егу

Б. ЖҚА, невропатолог консультациясы, ЖЗА, копрограмма

В. Невропатолог консультациясы, нәжісін бактериологиялық егу, электромиография

Г.+ Фекалий, полиовирустарға, энтеровирустарға шайындысы оң, невропатолог консультациясы, электромиография

Д. хирург консультациясы, ЖҚА, аяқ-қолдардың рентгенографиясы

360. Анамнезінде 1 ай бұрын вирусты инфекция ішектік синдроммен ауырған. Қарап тексергенде ауру белгісі, аяқтарында симметриялы зақымдануы, гипотония, тізе рефлексінің төмендеуі, ахил рефлексінің шақырылмауы анықталды. «Қолғап» және «шұлық» тәрізді сезімталдықтың бұзылысы бар. Жүрісі теңселмелі. Диагноз қойыңыз.

Г. нейромиалгиялық синдром

361. 2 жасар балада ауруы жедел, доға тәрізді дене қызуы, менингеальды синдроммен басталды. Ликворда лимфоцитарлы плеоцитоз. Екпелері туралы мәліметтер жоқ. Сал ауруға күмәндәнді. Ауру түрін көрсетіңіз:

А. понтинді түрі

Б. бульбарлы түрі

Г.+ менингеальды түрі

Д. инаппарантты түрі

362. Люмбалды пункция және ликворды зерттеу көрсеткіші болып табылады, біреуінен басқасы:

А. Қайталамалы тырысулар

Б.+ Геморрагиялық бөртпелер, менингеалды белгілер теріс

В. назофарингитпен науқаста дене қызуының жоғарылауы және қайталамалы құсу

Г. менингеальды белгілердің оң болуы

Д. Еңбегінің ісінуі, бір қалыпты жылау.

363. 2 жасар бала. Менингококкты инфекция ошағында болған. Ауруы жедел дене қызуы 38,8С дейін жоғарылауымен, қайталамалы құсумен басталған. Қарап тексергенде беті ассиметриялы, шүйде бұлшық етінің ригидтілігі, Керниг белгісі оң. Менингококкты менингоэнцефалитке күмәндәнді. Люмбальды пункция жасалды. Ликворда қандай өзгерістер осы ауруға тән:

А.+ цитоз-1032, 87%-нейтрофилдер, ақуыз-1,5 г/л

Б. Лимфоцитарлы плеоцитоз

В. фибринозды пленканың болуы

Г. Қанттың төмендеуі

364. 4 жасар бала аяғының аурығанына шағымданады. Анамнезінде ЖРИ-мен ауырған, 2 рет сұйық нәжіс, субфебрильді температура, әлсіздік, тершеңдік анықталды. Ауруының 5-ші күні аяғы ақсаңдаған. Қарап тексергенде: аяғымен тұруы қиын, сіңір рефлекстерінің төмендеуі, гипотония, «қолғап» және «шұлық» тәрізді сезімталдылықтың төмендеуі байқалады. Сіздің болжам диагнозыңыз:

А. Полиомиелит, понтинді формасы

Б. Полиомиелит, жұлынды формасы

Г. Көлденең миелит

Д. жарақат болуы мүмкін

365. Науқас 5 жаста. Ауруы жедел, Т 38,5 о С, бас ауруы, жеңілділік әкелмейтін көп реттік құсумен басталған. Тежелген, ұйқышыл, сұрақтарға жауап бермейді, анизокория. Денесінің барлық жерінде жұлдызша тәрізді, геморрагиялық бөртпелер бар. Шүйде бұлшық етінің ригидтілігі, Керниг, жоғарғы Брудзинский белгілері оң. Сіздің диагнозыңыз:

А. Менингококкты инфекция, жайылған формасы. Менингококкцемия.

Б. Менингококкты инфекция,жайылған формасы, менингит.

В. Менингококкты инфекция,жайылған формасы, менингоэнцефалит.

Г. Менингококкты инфекция, жайылған формасы менингококкцемия, менингит.

Д.+ Менингококкты инфекция, жайылған формсы менингококкцемия, менингоэнцефалит.

366. 5 жасар қыз бала, ауруы жедел – 3 күндей дене қызуының жоғарылауы 39,0С дейін, қолдың дірілімен басталатын екіншілік жайылған тонико-клоникалық тырысулар ұзақ уақытқа созылған көру парезімен сипатталатын қайталамалы тырысулар. Есі сомнолентті. Көзінде екі жаққа қарайтын қылилық. Оң жақтық гемипарез. Оң жағында патологиялық рефлекстер оң. Менингеальды белгілерлер — шүйде бұлшық ет ригидностілігі, Керниг, жоғаргы Брудзинский оң. Ликворда: лимфоцитарлы плеоцитоз, ақуыз 1,8. Анамнезде: герпес labialis-бен аурыған әжесімен қатынаста болған. Сіздің диагнозыңыз.

А. желшешек энцефалиті

Б . вирусты энцефалит

В. бактериалды менингоэнцефалит

Г.+ герпетикалық менингоэнцефалит

Д. энцефалиттік реакция

367. Желшешектік энцефалит мына ошақты белгілермен сипатталынады:

А. бет нервісінің невриті

Б. сол жақтық гемипарез

В.+ Атаксия (теңселмелі жүріс), нистагм, координаторлы сынаманы орындаудың қиындауы, сөздерді қайталау

Г . Бульбарлы бұзылыстар

Д. орталық салдану

368. 1 жасар бала жансақтау бөлімшесіне мына диагнозбен түсті «Вирусты энцефалит. Сол жақтық гемипарез. Симптоматикалық эпилепсия». Аталған зерттеулер жүргізу керек, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

А. вирустарға ликворды ПТР зерттеу

Б. бас миының МРТ

В. Авидтілігін анықтаумен вирустарға қанды ИФА әдісімен зерттеу

Г. Бас миының ЭЭГ

Д.+ бас ми рентгенографиясы

369. Бөртпемен жүретін инфекцияларда энцефалитке жатады:

А. герпетикалық , ЦМВ энцефалит

Б. эпидемиялық энцефалит

В. кене энцефалиті

Г. энтеровирусты энцефалит

Д.+ қызылша, қызамықтағы энцефалит

370. Тырысулар қай қоздырғышпен шақырылған?

А.+ Clostridium tetani.

Б. Сlostridium perfringens.

В. Сlostridium sporogenes.

Г. Сlostridium botulinum.

Д. Сlostridium difficile.

371. Clostridium tetani- мына мүшені зақымдайды.

А. бауыр паренхемасын.

46.53.203.210 © studopedia.ru Не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования. Есть нарушение авторского права? Напишите нам | Обратная связь.

Отключите adBlock!
и обновите страницу (F5)

очень нужно

Использованные источники: studopedia.ru

ПОХОЖИЕ СТАТЬИ:

  Для чего ставится прививка против клещевого энцефалита

  Длительность вирусного энцефалита

  Энцефалит 2017

  Прививка от клещевого энцефалита иммуноглобулин

Кене энцефалиті

Энцефалит ауруы

Энцефалиттер — орталық нерв жүйесінің, түрлі этиологиялы қабыну ауруы, аурудың негізінде инфекционды, инфекционды-аллергиялық процесстер жатады.

Энцефалиттерді жіктелуі:

  • бас мидың ақ затын зақымдайтын түрін -лейкоэнцефалиттер;
  • сұр затын зақымдайтын түрін — полиоэнцефалиттер
  • Ақ және сұр заты қатар зақымдалатын түрін — панэнцефалиттер деп атайды.

Біріншілік және екіншілік энцефалиттер болады. Біріншілік энцефалиттер — нейротропты вирустармен нервті клеткаларды зақымдайтын өздік дамитын ауру. Екіншілік энцефалиттер — қандай да бір инфекциядан кейін дамитын инфекция. Мысалы: жергілікті қабыну процессі, бас сүйектің ашық жарақаттары. (параинфекционды энцефалит)

Кене энцефалиті

Кенелік энцефалит

Біріншілік энцефалит — орталық нерв жүйесінің жедел вирусты ауруы, эндемиялық табиғи ошақтарда трансмиссивті (кененің шағуы) немесе алиментарлы жолмен (инфекцияланған сүтпен) арқылы жұғады.

Этиологиясы және эпидемиологиясы. Кенелік энцефалиттің қоздырғышы вирус болып табылады, оның көлемі 20-30 нм.
Кенелік энцефалит табиғи-ошақты нейроинфекция; эпидемиялық белсенділігі кенелердің санына, социалді факторларға, географиялық ерекшеліктеріне байланысты. Тасмалдаушы болып иксод кенелері табылады.

Кенелік энцефалиттің жіктелуі:

  1. Менингоэнцефалитикалық
  2. Полиоэнцефаломиелитикалық
  3. Полиоэнцефалитикалық
  4. Полиомиелитикалық

Ошақты емес түрі:

Патогенезі. Трансмиссивті түрінде вирустың кіру жолдары болып терінің беткі қабаттарындағы қан тамырлары болып табылады вирустың тез көбеюіне байланысты оның депосы пайда болады
Вирус қан айналымымен паренхиматозды ағзаларға еніп (бауыр, көк бауыр, өкпе, ми т.б. ) қанға тарайды. Гематогенді жолдан басқа лимфогенді , периневралді жолдары да бар.

Кене энцефалитінің клиникалық сатылары. Бірінші сатысы — жұғу, одан кейін, инкубационды кезең 2-11 күн, продромалді кезең, келесі кезеңі аурудың дамуы. Қалтырау кезеңі жедел фазасында 3-5 күнге созылады, вирусемия пайда болады ол инфекцияның таралуына әкеледі.
Вирустың қан айналымынан кетуі дене қызуының қалпына келуімен, бірақ бұл кезде вирус екіншілік ошақта орталық нерв жүйесінде көбеюі мүмкін.

Кенелік энцефалит кезінде — қолдардың проксималді әлсіз салдануы немесе парезі байқалады.
Мойын бұлшықеттерінің салдануынан — «салбыраған мойын», «қисық мойын», «қанат тәрізді жаурын» симптомдары пайда болады.

Диагностикасы. Лабораторлы диагностикасында бірінші 7 – күннің ішінде қанда және ми-жұлын сұйқтығында кене энцефалиті вирусын немесе антиденені серологиялық тексерулер арқылы анықтайды.

Кене энцефалитін емдеу

Бастапқы кезеңінде- кене энцефалитінің вирусына титрленген адам иммуноглобулинін енгізеді.
Дегидратациялық ем тағайындайды, жүрек –тамыр ауруларына арналған препараттар, симптоматикалық ем, антибиотиктерді және сульфаниламидтерді асқынулар болғанда ғана пайдаланады (пневмония).

Достарыңмен әлеуметтік желіде бөліс

Автор публикации

KazMedic

Медик+ админ! Сайт бойынша жауапты адам.

Сайт бойынша іздеу

Ең үздік материалдар

  • Рефлюкс нефропатия(5,00 тен 5)
  • Описторхоз(5,00 тен 5)
  • Стоматологиядағы микробқа қарсы препараттар(5,00 тен 5)
  • Жыныстық қатынас(5,00 тен 5)
  • Стоматологиядағы протездер(5,00 тен 5)
  • Көз жарақаттары(5,00 тен 5)
  • Жедел бүйрек жетіспеушілігі(5,00 тен 5)
  • Пилоростеноз(5,00 тен 5)
  • Бүйректің жасқа байланысты өзгерістері(5,00 тен 5)
  • Жалпы қан анализі(5,00 тен 5)

KazMedic © 2019
Барлық құқықтары қорғалған

Использованные источники: kazmedic.org

ЧИТАЙТЕ ТАК ЖЕ:

  Прививка от клещевого энцефалита до 3 лет

  Еж переносчик энцефалита

  Экстренная профилактика клещевого энцефалита йодантипирин

КЕНЕЛІК ЭНЦЕФАЛИТ

Анықтамасы.Кенелік энцефалит орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен, клиникалық полиморфизммен сипатталатын вирусты табиғи-ошақтық трансмиссивті ауру.

Тақырыптың өзектілігі.Кенелік энцефалиттабиғи-ошақтық трансмиссивті ауру. Аурудың табиғи ошақтары Грецияда, Чехияда, Швейцарияда, Латвияда, Белоруссияда, Батыс Украинада, Қырғызстанда анықталған. Ресейде аурудың табиғи ошағы Калининград облысынан Сахалинге дейін территорияда орналасқан. Жыл сайын Ресейде 10 мың адам ауруға шалдығады. Қазақстанда аурудың табиғи ошақтары болып Алматы, Талдықорған, Шығыс Қазақстан облыстары табылады. Ауру жоғары өлім-жітімділік көрсеткішімен, аурудан кейін дамитын қалдықтардың қауіпімен ерекшеленеді.

Тарихи мәліметтер. Кенелі энцефалиттің клиникасын 1936-1940 жылдарда алғаш рет сипаттап жазған отандық ғалымдар А.Г.Попов, А.Н.Шаповал, М.Б.Кроль, И.С.Глазунов. Вирусты 1937 жылы отандық ғалымдар Л.А.Зильбер, Е.Н.Левкович, А.К.Шубладзе, М.П.Чумаков, В.Д. Соловьев, А.Д. Шеболдаев ашқан. Ғылыми экспедиция 1937-1941 жылдары Л.А.Зильбердің, Е.Н.Павловтің, А.А.Смородинцевтің және И.И.Рогозиндердің жетекшілігімен жұмыс істеп, 1937-1941 жылдары вирусты жұқтыратын иксодты кенелердің ролі дәлелденген. А.А.Смородинцев, М.П.Чумаков және т.б. 1951-1954 жылдары Совет Одағының батыс аудандарында кенелі энцефалиттің өзгеше нозогеографиялық түрін — екі толқынды сүтті безгекті жазғаны мәлім.

Этиологиясы. Кенелі энцефалиттің вирусы флавивирус (В тобы) тегіне, тогавирус тұқымдастығына, арбовирустар экологиялық топтарына жатады. Қоздырғыш үш түрге бөлінеді

ü Орта еуропалық энцефалит, lxodes ricinus кенелерімен беріледі, өлім-жітімділік көрсеткіші – 1-2%

Батыс- сібірлік энцефалит

Қиыршығыстық энцефалит немесе орыс көктемгі-жазғы кенелік энцефалит

lxodes persulcatus кенелерімен беріледі, өлім-жітімділік көрсеткіші – 5-20%

Вирустар сфералық пішінді, кішкентай денешік түрінде келеді, диаметрі 40-50 нм, ішіне РНҚ кіреді. Нуклеокапсид липопротеидтің сыртқы қабығымен қоршалған, тікенектер батқан, гликопротеидтен құралып, гемагглютинациялық қасиеттері бар.

Вирус тауықтың ұрығында және әр түрлі торша дақылдарында өседі. Вирусқа лабораториялық хайуандардан басымрақ сезімталдары – ақ тышқандар, атжалмандар, емшек баласы мақта мұжыма тышқаны, маймылдар, ал үй малдарынан — қойлар, ешкілер, торайлар және жылқылар.

Вирус жоғары температураға, ультракүлгін сәулесіне төзімсіз. Тоңазытқыш температурасындағы сүтте вирус 2 апта, қаймақта 2 ай сақталады. Ыстық сүтте (60°С) вирус 20 минуттан соң, қайнаған суда — 2 мин. соң өлетіні белгілі. Төмен ауа қысымында ұзақ сақталады, құрғатылған күйде — жыл аралығында сақталады. 5% лизол 1 мин., үшхлоруксусты қышқыл 10 мин. Ішінде вирусты жояды

Эпидемиологиясы. Аурудың көзі –130 түрлі кеміргіштер және басқа жабайы сүт қоректілер — кенелерді “қоректендірушілер”, соның ішінде кеміргіштер (қоян, кірпі, алатышқан, дала тышқаны), құстар (сиыр құйрық сары шымшық, зяблик (сайрайтын орман құсы), чечетка, шыбшық), жыртқыштар (қасқыр). Қоздырғыштың берілу механизмі бойынша кенелі энцефалит трансмиссивті табиғи-ошақтық жұқпалы ауруларға жатады. Ауру кенелердің шағуы арқылы беріледі. Вирусты тасымалдаушылар – lxodes persulcatus, lxodes ricinus кенелері. Кенеге вирус залалданған жануардың қанын сору арқылы жұғады. Қан сорған соң, 5-6 күннен кейін вирус кененің барлық мүшелеріне өтеді, вирустар жыныс аппаратына, ішекке, сілекей бездеріне шоғырланып, кененің барлық өміріне дейін сақталады, яғни 2-4 жыл. Кенелерде вирустың трансовариальді берілуі қалыптасқан. Кене адамға шабуыл жасағанда ол иық, кеуде, мойын, бас аймақтарында жабысып шағады. Кененің шағуын адам сезбейді, себебі олрадың сілекейінің анестезиялық әсері бар. Жабысқан кене адам денесінде 4-6 күн бой жүреді.

Табиғи ошақтарда кенелердің вирустармен залалдануы (вириформность) 2-5% — 40% құрайды. Вирус адамға кенелердің қысқа уақыт жабысқанда да, кенелерді алып тастағаннан кейін де жұғуы мүмкін.

Эпидемиялық сипаттамасы бойынша көктем-жаздық кенелі энцефалиттердің ошақтары 3 топтқа бөлінеді:

а) табиғи жабайы ошақ;

б) шаруашылық жұмыстардың әсерінен өзгерген ошақ;

в) тұрғын ел маңындағы ошақ — антропоургиялық (еселенген) ошақтар, кенелерді қоректендіретін кеміргіштерден өзге, үй жануарлары да жатады.

Кенелік энцефалит алиментарлы жолмен де (ешкі мен сирек сиырдың шикі сүтін асқа қолдану) арқылы беріледі. Вирустармен жұмыс істейтін лабораторияның жағдайы бұзылғанда, ауа-тамшылы жолмен жұғу оқиғалары да кездескені белгілі.

Кенелі энцефалит ауруына көктем-жаз мезгілділігі тән, кенелердің жоғары белсеңділігі кезінде ауру өршиді. 20-40 жастағы адамдар айрықша ауырып, жергілікті тұрғындарға қарағанда шеттен келгендер, қалалықтар жиі ауырады. Жергілікті тұрғындарда табиғи иммунизация процессі жүреді, сондықтан олардың ауыруы сирек кездеседі. Ауырғандардың 75%-ын қала тұрғындары құрап, олардың қала шетіндегі ормандарда, бау және бақшаларда болғаны анықталады.

Кенелік энцефалиттің табиғи ошақтарында аурудың әбден шиеленісуі, иксод кенелерінің санының көбеюімен байланысты.

Патогенезі. Патологиялық анатомиясы. Инфекцияның кіру қақпасы трансмиссивті жолмен жұғу кезінде – тері жабындысы, алиментарлы жолмен жұғу кезінде — ас қорыту жолдарының шырышты қабаты. Вирусемия дамиды. Вирус гематогенді және лимфогенді жолдармен лимфа түйіндерге, ішкі мүшелерге өтіп, орталық жүйке жүйесіне жетеді. Вирус жасушаларда фиксацияланып, дегенеративті өзгерістер түдырады. Жұлынның алғы мүйіздерімен сопақша мидың ядролары зақымдалып, некрозды және дистрофиялық өзгерістер дамиды. Мидың қабықшаларымен тамырлары зақымға ұшырайды. Вирусемия екі толқынды сипатта болады. Біріншілк вирусемия қысқа мерзімді болады, қайталама вирусемия вирус қарқынды көбейіп ОЖЖ зақымдағанда дамиды. Вирус организмде ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Вирустың тасымалдаушылығы, латенттік инфекция, баяу дамитын созылмалы персистентті инфекция ретінде өтуі мүмкін.

Клиникалық көріністері. Инкубациялық кезең 3-25 тәулікті құрайды (орташа 7-14 күн). Ауру жедел басталады.

Клиникалық белгілеріне байланысты, жүйке жүйесінің зақымдануының дәрежесі және сипаты, келесідегідей түрлерге бөлінген:

ü менингоэнцефалополиомиелитттік (полиомиелиттік);

Кенелі энцефалиттің қызбалық түрі науқастарда шамамен 1/3 кездесіп, жүйке жүйесі зақымдалмайды. Әдетте продромсыз басталып, дене қызуы тез 38-39◦C жетеді. Қызудың көтерілуі бірнеше сағаттан, бірнеше тәулікке дейін түспейтіні айқын (кейде менингизмнің білінуі байқалады). Айқын бастың ауруы, миалгиялар, бет, мойын терісің гиперемиясы анықталады. Аурудың ұзақтығы 3-7күн, ағымы қатерсіз, болжамы қолайлы болады.

Менингеальді түрі кенелік энцефалиттің типті түрі. Менингитке тән жоғары қызба, бастың ауруы, құсу, менигеальді синдром дамиды. Ликвор мөлдір, кейде азғана опалесцирленген сипатта, қысымы көтеріліп, орташа лимфоцитарлық плеоцитоз (100-600 клетка 1 мкл) анықталады. Белок жиі қалыпты көлемде болып немесе 1-2 г/л-ден асып кетпейді. Ликворда өзгерістер 2-3 аптадан бірнеше айға дейін сақталуы мүмкін.

Кейбір науқастарда өткінші энцефалиттік нышандар бақылануы мүмкін. Болжамы қолайлы.

Менингоэнцефалиттік түрі 15% (Қиыршығыстық түрінде 40% дейін) кездесіп, ауыр ағымымен сипатталады. Антипиретиктерге резистентті жоғары қызба, менигеальды синдром, энцефалит көріністері дамиды. Науқас жиі қозып, немесе тежеліп, есінен тануы мүмкін. Мидың зақымдану диффузды немесе ошақтық сипатқа ие. Диффузды менингоэнцефалит кезінде естің бұзылуы, тремор, фибриллярлы бет бұлшықеттерінің жыбырлауы және аяқ-қолдың, қолдың қалтырауы, рефлекстердің терең жабыңқылығы, бұлшықет тонусының төмендеуі. Менингоэнцефалит ошақтары арқылы клиникалық көріністерінде ми заттарының зақымдану аумағы анықталады. Ми жарым шарының біреуіндегі заттың зақымдалу оқиғасында, оң немесе сол аяқ-қолдың спастикалық парезы дамып, беттегі және тіл асты жүйкелерінің осы жақтағы парездері дамиды. Сол жақ жарым шарында процесстер арқылы сөйлеудің бұзылуы пайда болмақ. Егер мидың қантамырындағы бөлімде, ақ заттарға зақым келсе, онда альтернириялық синдром артып-ошақтың қабынуы жағында бас сүйек жүйкесінің парезі және қарама-қарсы дене жақтағы аяқ-қолдың парезі дамиды. Бас сүйек жүйкесінің арасында III, IY, Y, YI, YII, IX, X, XI, XII жұптар зақымданады. Әсіресе кенелік энцефалит үшін, бас сүйек жүйкесінің IX, X, XII жұп ядросының патологиялық процеске қатысу сипаты, жұмсақ таңдайдың парезіне әкеліп, мыңқылдақ дауыс, сөйлеудің көмескіленуі, афония, жұтқыншақтың бұзылуы, тыныс жолдарына шырыштың толуымен сипатталады. Сілекейдің шұбыруы жоғарылауы, тахикардия, диспноэ тәрізді парездер білінеді. Бульбарлы бұзылу науқастардың 1\4-де кездеседі. Науқастарда эпилепсия, джексон тәрізді ұстамалары болуы ықтимал.

Менингоэнцефалополиомиелиттік (полиомиелитік) түрі, науқастарда шамамен 1/3-де білінеді. Оған жалпы улану және менингеальды синдромдар тән, ошақтық немесе диффузды энцефалит, мойын бұлшықетінің парезімен, көкірек, аяқ-қол аумағында білініп, мойын бұлшықетінің, иық, жоғарғы қолдардың симметриялы зақымдануы, кейде қабырға арасының бұлшықеттерінің зақымдануы кездеседі. Бұл науқастарға аса тән нышан “кеудеге бастың салбырауы” (бас тік көтерілмей, енжар салбырайды), бұл нышанды А.Г.Панов сипаттап жазған. Науқастарда қозғалтқыштың бұзылуы 7-12 күн үдей түсіп, 2-3 аптаның соңында ауруда бұлшықеттің семуі дамитыны айқын. Кенелік энцефалиттің полирадикулоневриттік түрі сирек (2-4% оқиға) кездеседі.

Екітолқынды кенелік энцефалит алиментарлы жұғумен сипатталады (екітолқынды сүтті безгек). Бұл клиникалық түрі кезінде қызба 3-5 күнге созылып, апирексия кезеңі басталады, 3-8 күннен кейін энцефаломиелит дамиды.

Менингеальды және қызбалық түрлерінің болжамы қауіпсіз, менингоэнцефалиттік, полиомиелиттік, полирадикулоневриттік түрлерінде өлім қаупі 25-30% жетеді. Жазылғандарда 1-2 жылға дейін, ал кейде орталық жүйке жүйесінің органикалық өзгерісі өмір бойы сақталады, ол кепкен сал ауруы, бұлшықеттің семуі, дискинезия, ақыл-ойдың төмендеуі, кейде эпилепсия ауруы түрінде болмақ.

Аурудан кейін тұрақты иммунитет дамиды. Табиғи ошақтағы жергілікті тұрғындарда табиғи иммунизация процесі қалыптасқан.

Использованные источники: mylektsii.ru